Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Нұрсұлтан Назарбаевтың үйлену тойы ойдағыдай өтті

Нұрсұлтан Назарбаевтың үйлену тойы ойдағыдай өтті
ашық дереккөз
Нұрсұлтан Назарбаевтың аттасы Семей қаласының тұрғыны үйленді. Қалыңдығы Алтынай Иса екеуі балалар үйі тәрбиеленушілеріне мереке ұйымдастырып берді
Бұл той ерекше болды. Нұрсұтан қалыңдығымен бірге қымбат мейрамхана жалдаған жоқ, той серуеніне де шыққан жоқ. Алтынай тіпті қымбат көйлек киюден де бас тартқан екен. Заңды некелерін қиып, жас жұбайлар екі балалар үйінің тәрбиеленушілері демалып жатқан лагерге барды. Оларға мерекелік дастархан жайып, кәсіби аниматорладар құралған топ жалдады. Ерлі-зайыптылар балаларға бірнеше сағат бойы ойын-сауықтық бағдарлама көрсетті.  width= Нұрсұлтан мен Алтынай 7 жыл бойы кездесіп жүрді. Күйеу жігіт те, қалыңдық та тойдың керемет өтуін армандамаған. Олар ата-ана махаббатын сезінбей өскен балаларға мереке ұйымдастыруды жөн деп тапқан.  width= «Нұрсұлтан да, мен де көп балалы отбасынан шыққанбыз. Жолдасым – мұғалім. Сондықтан балаларға қуаныш сыйлайық деп шештік. Біз ең маңызды күніміздің өзгелердікіне ұқсамай өткеніне өкінбейміз. Ата-анамыз да біздің шешімімізге қарсы болған жоқ», – дейді Алтынай.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар