Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Омыртқасы екі жерден сынды: Ақтөбеде қатты дауыл кесірінен жолаушылардың үстіне аялдама құлады

Омыртқасы екі жерден сынды: Ақтөбеде қатты дауыл кесірінен жолаушылардың үстіне аялдама құлады
ашық дереккөз
Дауылдан аялдама құлап, автобус күтіп тұрған жолаушыларды басып қалды. Екі бала мен бір келіншек жеңіл жарақат алған. Тағы бір әйелдің омыртқасы сынып, қазір ол ауруханада жатыр
Оқиға Ақтөбедегі  қатты дауылдың кесірінен орын алып отыр. Желдің екпіні күшті болғаны сонша- тұрғызылғанына көп болмаған аялдама жолаушылардың үстіне бірақ құлады.

Қираған аялдаманы комуналшылар алып кетті. Әкімдіктегілер жол жиегінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқандықтан, аялдаманың темір тіреулерін бос қойғанын мойындайды.

Ал соның астында қалып жарақат алған Сәния Сафина есімді азаматша  енді соның зардабын көреді. Себебі омыртқасы екі жерден сынғандықтан, бойжеткен екі айдай қозғала алмай жатады.

Одан бөлек басынан да жарақат алған. Келіншек сол кезде қасында болған баласының аман қалғанына шүкіршілік етіп отыр. Енді ол аялдамаларды орнатқан шенеуніктерді сотқа бермек.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар