Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Осындай мықты әйелдер қазағымда көбейе берсін: Алтынай Жорабаева өзін мақтаған отандық журналиске жауап қайтарды

Осындай мықты әйелдер қазағымда көбейе берсін: Алтынай Жорабаева өзін мақтаған отандық журналиске жауап қайтарды
ашық дереккөз
Алтынай өзін мақтаған журналиске тәнті болып, әлеуметтік желіге өзі туралы жазба қалдырған Бибігүл Дәулетбекке жауап қайтарды

Әнші отандық журналистен өзі туралы мұндай жазба қалдырады деп ойламаған. Бибігүл Дәулетбектің жылы лебізіне таңғалған ол журналиске жауап қайтарды.

Ол өзінің парақшасы арқылы танымал жүргізушіге арнап жылы сөздерін жариялады.

"Бибігүлді бұрыннан мақалаларын оқып, сырттай танитыным болмаса, ең алғашқы кездесуіміз сол "Беу, туған жер" бағдарламасы еді. Алғашқы түсірілім, оның үстіне далада болған соң жарықтардың қойылуы, ауа-райы, дауыл, жаңбыр..

Менен кейін тағы өнер адамдарын түсіретінін естіп , одан сайын Бибігүлге жаным ашып отырдым. Бибігүл біздің де қабағымызға қарап жүгіріп жүр. Жұмыстары оңай емес қой... Осындай пысық, алғыр, шынайылықты жақсы көретін, өтірік күліп, жалған сөйлеуден ада қызды ерекше құрметтеймін.

Соңғы рет бағдарлама ертең шығады деп хабарласқанда, қарбаласпен жүріп парақшама да жарияламаппын. (Айтпақшы, сол бағдарламаны ютубтан көріп шығуыңызға болады) Содан маған ренжіп жүр ме екен деп ұялып жүр едім, мына мақтауын көріп одан сайын ұялып кеттім ғо".

Шынымен сондаймын ба? Кемшілігімізді жасырған Аллаға мадақ болсын. Бибігүл сіңілім, сенен мұндай пост күтпедім, ақ адал көңіліңе рахмет", - деп жазды Алтынай Жорабаева.

https://www.instagram.com/p/BmcuZnpFWAK/?utm_source=ig_web_copy_link

Желі оқырмандары  да отандық жұлдыздардың бұл әрекетіне тәнті болды.

"Осындай мықты әйелдер қазағымда көбейе берсін", - деп жазған оқырмандар.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар