Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қызылордаша" сәлем салған Жазира Байырбекова көпті тәнті етті (видео)

"Қызылордаша" сәлем салған Жазира Байырбекова көпті тәнті етті (видео)
ашық дереккөз
Жазира желіде қазақ дәстүрі бойынша "сәлем салып" оқырмандарын қуантып қойды. Көпшілік шоу-бизнес жұлдызына ыстық ықыластарын білдірді

Әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына Қызылордада түсірген видеосын жүктеген еді. Бейнежазбада Жазира Байырбекова тыңдармандарымен амандасып, өз жерінде қалай "сәлем салатынын" көрсеткен.

"Біздің Қызылордада келіндер осылай сәлем береді", - деп жазды отандық жұлдыз.

Желі қолданушылары болса,  ежелден келе жатқан салт-дәстүрді тастамайтын әншіге риза болып, өзінің оң пікірлерін жазып, ыстық ықыластарын жаудырды.

"Сәлемің әдемі, тамаша нағыз қазақи сәлем"

"Сондай жарасымды. Дәстүрді ұмытпайтын сізге ризамын"

"Нағыз Сыр елінің келіні деп осыны айт" , - деп жазды оқырмандар.

https://www.instagram.com/p/Bmi6GD8hA_n/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар