Талдықорғандық циркте акробат биіктіктен құлап көрермендердің үрейін ұшырды (видео)
- автор kyn.kz
- 19 тамыз, 2018
- 575
Оқиға Талдықорғанның цирктерінің бірінде кеше кешкі уақыттарда орын алған. Акробаттың биіктен құлап түскен видеосы әп сәтте-ақ желіде тарап кеткен. Куәгерлердің айтуынша, оқыс оқиғадан кейін бірден жедел жәрдем көлігі келіп, артисті ауруханаға алып кеткен. Қазіргі таңда 28 жастағы акробат дін аман әрі оның денсаулығына айтарлықтай зақым келмегені анықталды.
"Кешегі жағдай бәрімізді есеңгіретіп тастады. Биіктіктен құлап түскен акробаттың есімі - Дарья Верская. Ол Омбы қаласының тумасы. Өте білікті акробат, сол себепті де әлгіндей биіктіктен жеңіл құлаған. Бүгін кешке Дарья цирк сахнасына қайта шығатын болады",-дейді артистің әріптесі Иван Щербаков.
Айта кетерлігі, цирк артистерінің барлығы дерлік көршілес Ресейдің Омбы қаласынан келген акробаттар екен. Олар ендігі гастрольдік сапарларын Қарағанды қаласында жалғастырамыз деп отыр.
https://youtu.be/EprouoXSApwҰқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




