Басты жаңалықтар
Меккеде Қазақстанның бас мүфтиі атынан қажыларға арнайы дастархан жайылды
- автор kyn.kz
- 19 тамыз, 2018
- 956
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Меккеде 300 қажыға арнап дастархан жайды
Меккеде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың атынан арнайы 300 қажыға арналған дастархан жайылды
Іс-шараға Қажылық миссиясының мүшелері, Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулы Талғат Шалданбай, қажылық фирмаларының жетекшілері, уағыз-насихатқа жауапты имамдары, т.б. меймандар қатысты.
Алғашқылардың бірі болып сөз алған қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Бауыржан қажы Əбдірашұлы Бас мүфтидің дұғай сəлемін жеткізіп, ізгі ниеті мен тілегін білдірген. Шараға қатысқан ақсақалдар болса қатысушыларға бата беріп, өз алғыстарын жаудырды.
Айта кетерлігі, биыл Қазақстаннан Меккеге арнайы квотамен аттанғандардың саны 3000-нан асып жығылды.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




