Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

400 мың: Елордалық автобус жүргізушілерінің жалақысы белгілі болды

400 мың: Елордалық автобус жүргізушілерінің жалақысы белгілі болды
ашық дереккөз
Астаналық автобус жүргізушілерініне айына 400 мың теңге жалақы табуы мүмкін. Алайда, олар ол үшін  үшін үш шартты орындаулары тиіс екен
Астана қаласы әкімдігі жариялаған ақпаратқа сәйкес, 400 мың теңге жалақы алғысы келетін автобус жүргізуші  кесте бойынша жүріп, жол қозғалысы ережелерін сақтап, жолаушылардан шағым естімеуі  керек. №3 автокөлік паркінің басшысы Бауыржан Тілеубергенов жүргізушілердің жалақысы қазіргі таңда 200 мың теңгені құрайтынын айтты. Бұл бекітілген сома зейнетақы жарналары мен салықтарды шегергеннен кейін есептелінген, яғни жүргізушілер қолдарына 200 мың алады. Бірақ, мұндай жалақы күнделікті 15-18 толық ауысымды орындаған жүргізушілерге ғана төленеді. «Бұдан басқа, жүргізушілер қаржы және еңбек тәртібін бұзбай, ешқандай көлік апатынсыз жұмыс істесе, олардың жалақыларына сыйақы ретінде 200 мың теңге қосылуы мүмкін. Ұзын автобус  айдайтындарға 50% мөлшерінде бонус төлеу қарастырылды. Осылайша, жүргізушілердің айлық жалақысымен сыйақысын қосқандай айлық 400 мың теңге болуы мүмкін», – дейді Тілеубергенов.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар