Басты жаңалықтар
Бір ауруханада істейтін 16 медбике қатарынан жүкті болды
- автор kyn.kz
- 20 тамыз, 2018
- 1.0k
АҚШ-тың Аризона штатындағы ауруханада бэйбибум болғалы тұр
Месадағы медициналық орталықтың жансақтау бөлімінде істейтін он алты медбикенің бәрі жүкті болып шықты.
"Біразымыз бедеуліктен емделгенбіз. Бәріміздің аяғымыз ауыр екенін білгенде таңғалдым. Жүктілікті жоспарламаған едім. Бәрі келісіп алып, мен ғана білмей қалдым ба деп ойладым", — дейді медбикелердің бірі.
Алайда ешқандай келісім болмаған. Бұл жай ғана кездейсоқтық екен.
Медбикелер қазір асханада бірге тамақтанып, жерігін басып жатады. Оларға арнап аспаздар арнайы пайдалы тағамдар да әзірлеп қояды екен.
Аурухана басшылығы да болашақта медбикелердің жетіспей қалуы мүмкін екенін ескеріп, жоспар құрып жатыр. Қыркүйек және ақпан айларында босанатын медбикелер 12 апта демалыс алады.
Аурухана әр медбикеге сәбиге арналған киім сыйлады, онда: "Саспа… менің анам – Медбике!" деп жазылған.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




