Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Назарбаевтың қолтаңбасы қанша тұрады?

Назарбаевтың қолтаңбасы қанша тұрады?
ашық дереккөз
ҚР мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолтаңбасы мен табыс тілеген жазбаша тілегі хабарландыру сайтында сатылымға шықты
Сатылымға шыққан елбасының қолтаңбасы мен табыс тілеген жазбаша тілегі бар мәтін  350 мың теңгеге саудаланыпты. «ҚР Президентінің қолтаңбасы қойылған ізгі-тілек 1997 жылы жазылған. Елбасы оны сол жылы Алматыға келген сапарында қаладағы дүкендердің біріне барғанда альбомда қалдырған», – делінген хабарламада. Қолтаңба сатылымға шығарған сатушының айтуынша, 1997 жылы ол Алматыда азық-түлік дүкенінде жұмыс істеген. «Елбасы Алматыға келген сапар барысында біздің дүкенге келген болатын. Назарбаев сол кезде альбомға тілек жазып, қолтаңбасын қалдырып кетті. Негізінде, қолтаңба адамдардың қызығушылығын анықтау үшін сатылымға қойылды. Елбасының қолтаңбасы естелік ретінде сақталып тұруы мүмкін. Бір жағынан, көптеген атақты адамдардың қолтаңбаларын сақтап, жинап жатады», – дейді ол.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар