Павлодар облысында болған жол апатынан 5 адам жарақат алып, 2 жүргізуші оқиға орнында жантәсілім етті
Жол апаты Павлодар-Астана тас жолында орын алды. Hyundai мен Lexus автокөліктері үлкен жылдамдықпен жүйткіп, бетпе-бет соқтығысқан.
Темір тұлпарлардың ішінде болған 5 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Оның ішінде, екеуі бала болып шықты. Бірі 2 жасар болса, екіншісі биыл ғана дүниеге келген сәби екені анықталды.
Ал соққының қатты болғаны сонша, құтқару жастықшаларының көмегі тимеген. Сондықтан күл-талқаны шыққан қос көліктің жүргізушілері жедел жәрдем жеткенше сол жерде жан тапсырған.
Қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




