Басты жаңалықтар
Ләйлә Сұлтанқызы өз ұлының менингитті қалай жеңгенін айтып берді
- автор kyn.kz
- 8 маусым, 2018
- 406
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы екінші ұлының менингитпен ауырғанын, оны қалай байқап, қалай дерттен айыққанын айтып берді.
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы екінші ұлының меннингитпен ауырғанын, оны қалай байқап, қалай дерттен айыққанын айтып берді.
Бұл туралы журналист өзі жүргізетін «Өз ойым» бағдарламасында айтты.
“Осыдан үш жыл бұрын менің кіші ұлым 6 жасар кезінде серозды менингитпен ауырған болатын. Дәл сол кезде де бізді екі тәулік бойы уланып қалудан емдеген еді.
Тек қана үшінші тәулікте жарыққа қарай алмаған кезінде дабыл қағылды. Сол кезде барып қана аурудың нақты осындай түрі деп айтылды. Ауруды қайдан жұқтырғанын да анықтай алмадық. Дәрігерлер де біз де болжай алмадық. Өйткені ол балабақшада, бассейнге баратын.
Барлық жерді тексерді, ешкім ауырған жоқ, ешқандай «із» жоқ. Сондықтан ол қабынудан кез - келген жерде аяқ асты болуы мүмкін екен. Барлығына дайын болуымыз керек.
Ең бастысы, аналар өте мұқият болса деймін. Біз кейде байқамай қаламыз, тұмау деп болжап, немқұрайлы қараймыз. Бала мазасызданса дереу міндетті түрде дәрігерге апарып көрсету керек”, – дейді Сұлтанқызы.