Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда кәмелет жасына толмаған сегіз бала маскүнемдіктен емделуде

Алматыда кәмелет жасына толмаған сегіз бала маскүнемдіктен емделуде
ашық дереккөз
Алматыда сегіз жасөспірім алкоголь мен есірткіге тәуелділердің есебінде тұр. Олардың ең кішкентайы 14 жаста ,екеуі қыз бала
Алматыда сегіз жасөспірімнің үшеуі араққа, бесеуі есірткіге тәуелді. Дәрігерлердің айтуынша, олардың бәрі түгелдей жағдайы нашар жанұялардан шыққан. “2016 жылы ең кішкентай маскүнемнің жасы тоғызда болатын. Қазір он төртте. Иә, оның жанұясының жағдайы нашар, төмен. Қазір балалардың басым бөлігінде смартфондар, Интернет бар. Осы құрылғылардың арқасында олар өздеріне қажет дүниелердің барлығын тауып алады. Біз алкоголь мен есірткінің зияны жайлы ақпаратты барынша белсенді  түрде таратып жатырмыз. Осылай кішкентай маскүнемдердің саны азаяды. Былтырғы жылы олардың саны — 24 еді, биыл — сегіз. Олардың ішінде екі қыз бала бар”, — дейді қалалық психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар Рахменшеев. Орталық басшысының сөзінше, олардан маскүнемді, нашақорды өсіретін ата-аналарының өзі. “Жағдайы нашар жанұялар өз балаларына есірткі беріп, оларды алдау арқылы қызықтырады. Мұндай жағдай бізде жиі кездеседі. Мен есірткіге тәуелді жұпты емдедім. Әйел баланы өміре әкелген. Сосын ол жыламау үшін қоспаға димедрол қосып берген”, — деп мысал келтірді директор. Сондай-ақ  есірткі сататындардың көбісі мектептерде жұмыс істейді екен. “Балаларға есірткі тарататындар, оларды алдайды. Бір рет пайдаланған еш зиянның жоқ деп айтады. Бала психикасы әр мәселені күрделі қабылдайды. Есірткі сататындар оларға есірткіні бірінші рет тегін пайдалануға рұқсат береді, сосын ақшаға сатады”, — дейді ол. Мамандар ата-аналарға балаларымен дос болуға, оларды қолдауға кеңес береді. Директордың сөзінше ата-анасына баласына көп уақыт бөлуі тиіс. “Ата-аналар балаларымен досымен сөйлескендей сөйлесулері керек.  Бізде шектеулер болмауы тиіс. Ата-аналар әрдайым бір нәрсені айта береді. Біз өз балаларымызды тыңдап, олармен бөлісе білуіміз керек. Менде 27 жастағы науқас емделді. Ол ата-анасы оған әрдайым ақыл айта бергеннен шаршағанын айтты. Онымен жай ғана сөйлескілері келмейтінін жеткізді “, — дейді Сапар Раменшеев.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар