Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

8 адам көз жұмды: Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды

8 адам көз жұмды: Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды
ашық дереккөз
20 тамыз күні Алматы облысындағы тас жолда жантүршігерлік жол апаты болып, 8 адам қайтыс болған

Қайғылы жол апаты Алматы-Екатеринбург автожолының 385-м шақырымында, Жамбыл ауданының Үлкен ауылына жақын маңда болған. BMV мен Opel Vectra-ның соқтығысып, соқтығысу кезінде автокөліктердің бірі өртеніп кеткен.

Оқыс оқиғадан 8 адам қаза тапса, оның бірі кішкентай бала. Көлік апатынан жас келіншек аман қаған, ол әртүрлі дене жарақатымен Қарағанды облысы Приозерск ауруханасына жатқызылған.

Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растап, жол-көлік оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар