Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алтынды уысынан шығарып алды: Азия ойындарында қазақ споршысы елімізге күміс жүлде сыйлады

Алтынды уысынан шығарып алды: Азия ойындарында қазақ споршысы елімізге күміс жүлде сыйлады
ашық дереккөз
67 келі салмақта Азия ойындарының финалында белдескен Алмат Кебіспаев күміс жүлдегер атанды

Кебіспаев финалда Оңтүстік Корея өкілі Хансю Рюдан бір ұпай айырмашылығымен жеңілді. Есеп - 5:4.

Алмат Кебіспаев финалға дейін қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген болатын. Өкінішке қарай, ақтық сында отандасымызға аздаған сәттілік жетіспей қалды.

Еске сала кетейік,, бүгін боз кілемге шыққан 60 келідегі Мейрамбек Айнағұлов үздік үштікті тұйықтаса, 76 келіде бақ сынаған Эльмира Сыздықова да қола жүлдегерлер қатарында.

Айта кетейік, Алмат Кебіспаевтің күміс жүлдесі Қазақстан қоржынына түскен 13-ші медаль.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар