Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жұмыстан қуылды: Елордалық су басқан автобустың жүргізушісі қызметінен босатылды (видео)

Жұмыстан қуылды: Елордалық су басқан автобустың жүргізушісі қызметінен босатылды (видео)
ашық дереккөз
Автобус салонының бәрін су басқан күйде жолаушыларды тасыған жүргізушіге қатысты шаралар қолдануда
Астанада жолаушыларды суға толы автобуспен тасыған жүргізуші жұмысынан қуылды. Бұл туралы брифингте Астана әкімі орынбасары Қосман Айтмұхаметов хабарлады. "Автобус жүргізушісі ешкімді тыңдамай, сумен жүре берген. Сол себепті, ол қазір жұмыстан босатылды", - деді әкім орынбасары.

Сондай-ақ, Қосман Айтмұхаметовтың айтуынша, 20 тамыз күні көшелерді су басқанда қоғамдық көліктердің маршруты арнайы өзгертілді. Және де айналма жолмен барғанда, әрі кетсе, 5-10 минут кететін еді. Ал оған автобус жүргізушісі құлақ аспаған саңайлы.

Жүргізушіге қатысты соңғы шешімді "Astana LRT" басшылығы қабылдайтын болады.

https://youtu.be/simc5h3cMGc Естеріңізге сала кетейік, Астанада 20 тамыз күні жауын-шашынның көп мөлшерінің түсуіне  байланысты, елорданың оң және сол жағалауындағы бірқатар көшелерді су басқан еді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар