Басты жаңалықтар
Абай Бегей жас келіншегі мен балаларымен бірге түскен суретін бірінші рет желіге салды
- автор kyn.kz
- 23 тамыз, 2018
- 348
Әнші Абай Бегей желіге осыдан біраз уақыт бұрын үйленген жас келіншегі мен балаларымен бірге түскен суретін жариялады
Өзінің жұбайы мен балаларының суретін желіге жария ете қоймайтын әнші, оқырмандарын қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтап, отбасымен серуендеп жүрген кезде түскен суретін жариялады. Суретке әнші жас келіншегі Фариза және үш баласымен түскен.
«Құрбан айт мейрамымен баршаңызды құттықтаймыз! Шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Отбасыларыңызға амандық, татулық, береке-бірлік тілейміз! Ауырып жатқан бауырларымыздың Алла Тағала дендеріне саулық, дерттеріне шипа берсін! Айттан айтқа төрт көзіміз түгел аман-есен жете берейік!» – деп жазған әнші мұсылмандарды мейрамымен құттықтап.
Өз кезегінде желі қолданушылары әншінің отбасына сүйсініп, бақыт пен татулық тілесіп жатыр.
Айта кетейік, Абай Бегей осыдан бірер жыл бұрын жұбайынан айырылып қалған болатын. Өнер иесінің алғашқы некесінен төрт перзенті бар. Әнші былтырғы жылы тұңғышы Еркені ұзатқан болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қазақстанның 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды
- авторТомирис Тоныкөк
- 24 қараша, 2024