Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айсәуле: Жігітім басында анамды бай, «Есентай Моллдың» кәрі қожайыны деп ойлапты

Айсәуле: Жігітім басында анамды бай, «Есентай Моллдың» кәрі қожайыны деп ойлапты
ашық дереккөз
Баян Алагөзованың тұңғышы Айсәуле Бақытбек  сөзінше, жігіті оның анасының танымал адам екенін білгенімен, мүлде танымаған екен
«Біздің қарым-қатынасымыздың басында бір адам күйеу жігітіме: «Бауырым, оның анасы Баян Есентаева емес пе!» – деген екен. Ол анамның есімін бұрын естігендіктен, оның бір танымал адам екенін білген. Нақтырақ айтсақ, ол Баян Есентаева «Есентай Моллға» иелік ететін кәрі әйел деп ойлаған», – дейді Айсәуле Бақытбек. Айта кетсек, Айсәуленің күйеуі қалындығының әлеуметтік  парақшасындағы оқырмандарының көп екенін де жақтырмайтын көрінеді. Бойжеткеннің оқырмандары  1 миллион 100 мыңнан асады екен. «Менің күйеу жігітім бір күні әлеуметтік желі мені жалықтырып, бәрін доғарғанымды үнсіз армандайды. Алайда бұл туралы ештеңе айтпайды. Себебі сіздердің мен үшін маңызды екеніңізді біледі», – дейді ол.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар