Басты жаңалықтар
Анам тұрмысқа шығуыма рұқсат бермейді: Мақпал Жүнісова күйеуі қайтыс болғаннан кейін неге тұрмысқа шықпағаннын айтты
- автор kyn.kz
- 23 тамыз, 2018
- 298
Халық әртісі Мақпал Жүнісова 12 жыл бұрын күйеуі, белгілі саясаткер Заманбек Нұрқаділовтен айырылып қалып, жесір атанса да, сол уақыттан бері ешкіммен көңіл жарастырған емес
Қайта тұрмысқа шығу туралы сұраққа жауап берген Мақпал Жүнісова өзіне өзге ерлердің тамсана қарап, ғашықтық сөздер айтқанын жасырмай айтты. Алайда…
«Анама маған тұрмысқа шығуыма рұқсат бермейді. «Мен 47 жасымда жесір қалсам да, өлгенім жоқ. Сен де өлмейсің!» – дейді анам. Мен ешқашан анама қарсы шықпаймын. Сонымен қатар қызым да: «Анашым, бізге ешкімнің керегі жоқ», – дейді», – деп ағынан жарылды халық әртісі.
Жүнісованың айтуынша, күйеуі Заманбек Нұрқаділов қайтыс болғаннан кейін, 5 жыл бойы марқұмды қатты сағынған екен. Оған қоса, оны күн сайын түсінде көрген.
«Мұнан кейін қайғымды жасыруға тарысып, өзге ерлерге қарай бастадым. Алайда жақындарым қарсы болса, демек, болмайды. Сондықтан жиі тойға барып, көп жұмыс істеуге тырыстым. Мұның бәрі басыма түрлі жаман ойлар келмес үшін», – дейді әнші.
Сонымен қатар Мақпал Жүнісова тұрмыстағы құрбыларымен араласуды да доғарған. Себебі, әлдекімге қашық болып қалып, біреуді отбасынан ажыратып алмауды ойладым, дейді ол.
«Мен тез ғашық болатын адаммын. Маған жан-дүниесі бай, ақылды, дарынды, нағыз ерлер ұнайды. Алайда бұл дегеніміз менің міндетті түрде қандай да бір ер адаммен қарым-қатынаста болуым керектігін білдірмейді. Тек, мен ғашық болған кезде, мұндай сезім маған өмір сүруге көмектеседі. Мен – шығарымашылық адамымын», – дейді Мақпал Жүнісова.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қазақстанның 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды
- авторТомирис Тоныкөк
- 24 қараша, 2024