Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айқын мен Жұлдыз үйленгендерін мойындап, тұңғыштарын көрсетті (фото)

Айқын мен Жұлдыз үйленгендерін мойындап, тұңғыштарын көрсетті (фото)
ашық дереккөз
Көпшілік алғашында бұл жаңалықты бейресми түрде естігенде Айқынды үш баласымен бірінші әйелімен ажырастырды деп Жұлдызды аяусыз сөкен еді.
"Бүгін менің кенжем Санкобайдың (Санжар) туған күні! Бақыттан басым айналып, шалқып жатқан жайым бар. Аңсар, Асылым, Санжар, үшеуің де менің байлығымсыңдар. Екі ұлым - қанатым, тәтті қызым - жәннатым! Тіл-көзден аман болыңдар. Нұртан Санжар деген жігіт осы, таныс болыңыздар!", - деп жазды ол. https://www.instagram.com/p/Bm2SdZRj3tm/?utm_source=ig_web_copy_link

Оның екінші жұбайы, "Кешью" тобының бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғали да ұлының атаулы мерекесінде үнсіз қалмады. Ол қуанышын елмен бөлісіп, көптен бері жасырып жүрген құпиясы туралы жайып салды.

https://www.instagram.com/p/Bm2TMNNBNGg/?utm_source=ig_web_copy_link "Жүрегім! Маxаббатым! Сәнім! Кішкентай ғана менің балапаным! Бір жасың құтты болсын! Өмір жасын ұзақ болсын! Анаң саған әрқашан жақсылық тілейді! Мен сені қатты жақсы көрем. "Айтам" деп жүрген жаңалығым осы, құрметті xалқым, балам осы. Сіздерден ештеңе жасыра алмайсың. Жаман пікір жазбайсыз деген үміттемін", - деп жазды әнші.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар