Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бір бөлімде 15 адам отыр, іс бітіретін үшеуі ғана: Назарбаев мемлекеттік қызметкерлерді сынға алды

Бір бөлімде 15 адам отыр, іс бітіретін үшеуі ғана: Назарбаев  мемлекеттік қызметкерлерді сынға алды
ашық дереккөз
Елбасы төрт мемлекеттік органда іске қосылған пилоттық жоба туралы әңгімелеу барысында шенеуніктерді сынады
Президент Атырау қаласында барған іссапары барысында жиын өткізіп, елдегі  жалпы  ахуалды талқылады.
"Жақсы бағдарламалар жазылып жатыр, бірақ нақты жұмыс істелмейді. Екі әкімдік пен екі министрлікте пилоттық жобаны енгізіп: "Бюджет бар ма, орында. Басқару үшін қанша керек болса, сонша бөл де, қалған қаражатты шенеуніктердің жалақысын көтеруге жұмса, бірақ еңбек ететін болсын", — дедім. Бір бөлімде 15 адам отырады –  іс бітіретін үшеуі ғана. Рас емес пе? Ақылды адам жаза біледі. Есесіне қаламға, қағазға, орындыққа ақша үнемдеуге болады, оның үстіне қазақ астыма көлік мінгіз дейді", — деді Назарбаев. Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың қаңтарынан бастап әділет министрлігі, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік, сонымен бірге Астана мен Маңғыстау облысы әкімдіктерінде пилоттық жоба енгізілген. Бұл органдарда еңбекті бағалаудың жаңа жүйесі сынақтан өткізіліп, нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің жалақысы өзгерді. Кейінірек жемқорлыққа қарсы ведомство есеп бергендей, пилоттық жоба нәтижесінде төрт мемлекеттік органда жұмыстан шығару көлемі үш есе азайды, ал жұмыс орнына қабылдануға үміткерлер саны екі есе көбейген. Шенеуніктердің еңбегін бағалаудың жаңа жүйесі барлық органдарда енгізілетін болады.  
 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар