Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда 5 жасар бала терезеден бөтелке лақтырып 4 айлық баланы өлтіріп қойды

Алматыда 5 жасар бала терезеден бөтелке лақтырып 4 айлық баланы өлтіріп қойды
ашық дереккөз
Заңгер Кәмшат Есмұхамбет әке-шешелерін балақайларына көбірек көңіл бөлуге кеңес берді
Отандық заңгер Кәмшат Есмұхамбет әлеуметтік желідегі парақшасында өзі куә болған оқиғаны айтып берді. "Кеше Алатау ауданында орналасқан, көп қабатты үйлердің бірінен 5 жасар бала, төменге қарай терезеден баклашканы лақтырып жіберген көрінеді. Баклашка жолда тұрған коляскада жатқан 4-айлық шақалақтың басына түсіп қайтыс болған". Осылайша, мұндай жағдайдан кейін, желі қолданушыларына шошып кеткенін жеткізіп, ата-аналарды балаларына аса мұқият болуына кеңес берді. "Құрметті ата-аналар кейде балаларыңызды қимыл әрекетін бақылап отырыңыз, жаман әдетен, қоқысты терезеден тастамауды үйретсеңіздерші өтініш"- деп жазды Кәмшат өзінің парақшасында.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар