Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ninety one мен Назима дуэт орындап тыңдармандарын қуантты (видео)

Ninety one мен Назима дуэт орындап тыңдармандарын қуантты (видео)
ашық дереккөз
Олар "Қалай қарасың" әнін орындады
Күні кеше Ninety one тобы Шымкент қаласында жеке ән кештерін өткізді. Аталған кеш барысында жігіттер Назимамен «Қалай қарайсың» әнін бірге орындады, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Шымкент! Ninety one! Бұл нағыз бақыт. Кеше жігіттермен концерттерінде тыңдармандарға арнап тосынсый ұйымдастырдық. Ол ойдағыдай шыққан сияқты. Себебі, халық бізді жақсылап күтіп алып, жібергілері келмеді. Мен сондай керемет сезімдемін! Сіздерді ерекше жақсы көремін», - деді Назима.
Желі қолданушылары да өз кезектерінде тосынсыйдың өздеріне ұнағандарын жарыса жазып жатыр. Естеріңізге сала кетсек, Назима Ресейде өткен «Песни на ТНТ» байқауына қатысып, Тиматидің компаниясымен келісімшарт жасасқан еді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар