Басты жаңалықтар
Павлодар облысында шенеунік жол апатынан отбасымен бірге көз жұмды
- автор kyn.kz
- 27 тамыз, 2018
- 213
Павлодар облысының Мәдениет, мұрағат және құжаттама басақармасының басышысы Ардақ Райымбеков пен оның отбасы жол апатынан қайтыс болды.
Қайғылы оқиға бүгін түнде Омбы-Майқапшағай тас жолында болған
Павлодар облыстық ІІД мәліметінше, автокөлік пен жүк көлігі соқтығысуынан 4 адам қаза болған.
Олардың ішінде BMW көлігін тізгіндеген Ардақ Райымбеков те болған. Шенеунікпен бірге оның 36 жастағы жұбайы мен 3 жасар қызы, тағы бір жолаушы көз жұмған.
Өңірлік ІІД хабарлауынша, жергілікті ауруханаға тағы екі адам жеткізілген. Олар BMW автокөлігінде болған.
Жол апатынан кейін НОWО жүк көлігінің жүргізушісі ұсталған. Қазір ол ақытша ұстау изоляторына қамалған.