Басты жаңалықтар
Айдарбекова өзін көре алмағандықтан сынайберетін халыққа өкпесін айтты
- автор kyn.kz
- 27 тамыз, 2018
- 299
Қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекованы сынап-мінейтіндер баршылық. Алайда бұған дейін өзін сынағандарға үндемей келген Айдарбекова бұл жолы ренішін айтты
Өз сөзінде Гүлзира Айдарбекова көпшілікке бірдей жағу мүмкін еместігін айтты. Кез-келген дүниеден мін іздеп, тырнақ астынан кір іздейтіндер бар, дейді ол.
«Аллаға шүкір, қаншама оқырманым күнделікті бақыт тілеп, өмірге деген маxаббатымды, күш қуатымды арттырып отырады. Ал кейбіреулер «Неге мына киіміңізді киесіз?», «Неге дастарxанды саласыз?» деп мін іздеп, кір тауып, сол тиісіп сөйлегендерімен өздерін жұбатып отыратындары тағы бар. Мен ойымнан ертегі түсіріп бөліспеймін, өмірімде не болып жатыр соны саламын. Жақсы дүние салсам «мақтанып қойдыңыз» дейді, ал қарапайым көрініс болса, «ұялмайсыз ба, неге ол кісілерге жағдай жасамайсыз» деп тағы сынға алады», – деп жазды Айдарбекова Instagram-парақшасында.
Өз кезегінде продюсердің өзі көпшілікке сауал жолдап, өмірінде болып жатқан дүниені не үшін жасыру керектігін сұрады. Ал әр ер-азаматтың жетістігінің артында анасы, әйелі тұрады, дейді.
« Сол үйде отырып алып ақыл айтқыштар, ақылы тасып бара жатса неге ойланбасқа? Мен де осылай еңбек етіп, жақсы жеп-ішейін, шақырған жерге гүлденіп абыроймен барайын, қайта үлгі тұтайын деп неге алдына мақсат қоймасқа?
Құрметті, менің күн сайын барыммен бөлісетін оқырмандарым! Қашан біз қараңғылықтан, көреалмаушылықтан миымызды тазалайды екенбіз? Мен түсінер едім, егер миллионердің қызы не әйелі болып, ақшамен осы күнге жетіп отырсам, тілдеп жатсаңыздар. Әрбір ер азаматтарымыздың басындағы бағы, жеткен жетістігі, мейлі күйеуі болсын, мейлі баласы болсын, оның арқасында не анасы не әйелі тұратынын ұмытпасаңыздар екен», – дейді Қайраттың анасы.
Продюсердің айтуынша, өзінің желідегі парақшасында көпшіліктің мінеп-сынап жазған пікірін туыс-туғандары, жақындары оқып, уайымдап қалады екен.
«Сіздердің жазған мақтау мен мұқатуларыңызды менің күйеуім, балаларым мен келіндерім, достарым, құда-құдағиларым тіптен бір анадан туған бауырларым оқып, мен үшін олардың да жүрегі сыздайды, уайымдайды. Менің әрбір еңбегім олардың көз алдында болғандықтан, жамандық жуымаса екен деп бақыт тілеп бақылаудан шаршаған емес. Біреуге бақыт тілеп жетістігіне, барына шын ниетіңмен, таза жүрегіңмен қуана білсең, Алла саған үш есе артығымен жақсылықты үйіп-төгіп береді.
Ал, менде жоқ деп қызғаныштан арыла алмасаң, нағыз жоқтықтың қандай боларын көрсетеді екен. Сол үшін күндегенім емес, жаным ашығандықтан көзіміз ашық, көкірегіміз ояу қандастар болып, жүрегіміз бен миымызды тазаласақ деп, игі өмір сүруге шақырамын, апаларым мен сіңлілерім», – деп түйіндеді Гүлзира Айдарбекова.
Келесі мақала