Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Танымал актер Санжар Мәдиев ауыр дертті қалай жеңгенін айтып берді

Танымал актер Санжар Мәдиев ауыр дертті қалай жеңгенін айтып берді
ашық дереккөз
Дәрігерлер Санжарға өмір бойына мүгедек болып, өз аяғымен жүре алмайды деген.
Танымал актер Санжар Мәдиев өз оқырмандарына кез-келген дертті жеңу адамның өз қолында екені жайлы айтып берді. Оның сөзінше адам тек жақсылықтан үмітін үзбеуі керек. Әрі басынан өткен мына бір оқиғасын баяндады. «Тура қазір жақынының немесе өз өмірі үшін күресіп жатқандар, барлық жаман ойды, айтылған сөзді  ешқандай да көңілге алмаңыздар. Барлығы сіз ойлағандай болады. Мен мұның қандай ауыр екенін, қандай төзім керектігін жақсы білемін.  width= Ештенеге қарамай, тек алға қарай жылжиберіңіз. Маған кезінде дәрігерлер спортпен айналысуға мүлде тыйым салды. Баспалдақтың биіктігіне секіре алмайтын жағдайда боласың деді. Тіпті сау болып, бұрыңғыдай жүруіңе мүмкіндік жоқ деді. Мен олардың сөзін сол жерде ұмыттым. Арада бір жарым жыл өткенде бұрыңғы сап-сау қалпыма келдім. Дәрігерлердің өзі мені көріп, көздеріне сенбей қалды. Бір жарым жылдың ішінде ағзамның сауығып кеткені оларды қайран қалдырды. Барлық қиындыққа ортаңғы саусағыңызды көрсетіңіз де, өзіңіз қойған мақсатқа қарай ұтылыңыз. Бәрі өз қолымызда, жақсылықтан үміт үзбеңіз»,-деп жазды актер Санжар Мәдиев.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар