Басты жаңалықтар
Ғалымдар жылдар бойы қарынға жиналған майдан құтылудың жолын айтты
- автор kyn.kz
- 27 тамыз, 2018
- 261
Бұл әдістің арқасында майдан құтылып қана қоймай, денсаулықты түзетіп алуға болады екен.
Калифорния штатындағы Сан-Луис-Обиспотегі университетте іште жиналған майдан құтылудың тиімді әдісін тапты.
Доктор Кари Пилоллдың пайымдауынша, жүрекке арналған диетаның арқасында қыпша бел атануға болады. Ол осы тақырыптағы ғылыми жұмысын EurekAlert журналына жариялады. Ішіңе жиналған майдан құтылу үшін күнделікті асқа талшықтарға бай тағамды қосу керек.
Пилолл кебектерді, жарма, бұршақ, саңырауқұлақ, жаңғақ, көкөністерді жеу керек деп кеңес береді. Сондай-ақ сіңірілген майлы тағамды азайтып, яғни асыңыздан бекон, шұжықтар, қуырылған ет, тоқаш, фастфудты жеуден бас тартыңыз.
Сонымен бірге зерттеушілер зәйтүн майын, балық, астық дақылдары мен жерортатеңіздік диетаны қолдануды ұсынады. Бұл тағамдар жүрекке өте пайдалы. Сөйтіп денеңіздің сымбаттылығымен қоса, жүрегіңізді де емдеп аласыз дейді ғалым.