Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Теміртаулық полицей жүргізушіні өлтіргені үшін 19 жылға бас бостандығынан айырылды

Теміртаулық полицей жүргізушіні өлтіргені үшін 19 жылға бас бостандығынан айырылды
ашық дереккөз
Теміртауда құзырлы орган өкілі автокөлік иесін басынан бір оқпен атып, өлтіргені үшін 19 жылға сотталды 

"Күдіктіні қылмыскер деп танып, 19 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын ең жоғары қауіпсіздік режимінде өтеуге және ішкі істер қызметінің кіші сержанты" шенінен айыруға шешім шығарамын", - деді Қарағанды облысының соты Бекзат Шалғымбаев.

Кіші сержант болса,  өз кінәсін толығымен  мойындап отыр.

Сержанттың айтуынша, ол интернет сайттардан "Тойоту камри" 55 модельді көліктің сатылымға қойылғанын көрген. Қалтасында ұсынатын ақшасы болмаса да, сатушыға 7-8 миллионның көлігін қарайтынын айтқан.

Кейін қарағандылық Алексей есімді жігіт көлікті көрсете бастағанда, оны басынан атып жіберген.

Айта кетейік, Алексейдің денесін бақташы тауып алған болатын.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар