Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркістандық азамат көңілдесі үшін келіншегін аяусыз ұрып өлтірді

Түркістандық азамат көңілдесі үшін келіншегін аяусыз ұрып өлтірді
ашық дереккөз
Әйелін аяусыз өлтірген азамат жеңіл жазамен құтылып кетейін деп отыр. Айыпталушының аппеляциялық сотта ісі сараланып, судья он бір жыл жазаны бірден бір жылға қысқарту туралы шешім шығарды

"Жұлдыз Мауленқұлова қайтыс болған күні күйеуі өлімші етіп ұрып-соққан. Қылымстық іс жүргізу барысында марқұм келіншектің қиналып өлгендігі анықталған", - дейді туыстары.

Медициналық сараптамадан кейін белгілі болғандай,  марқұмның екі қабырғасы, тіл асты сүйегінің сынғаны және денесінен бірнеше жарақат салынғаны анықталды.

Жұлдыздың жақындарының айтуынша, көптеген дәлел бола тұра, айыпталушының жазасы он бір жылдан бірден бір жылға қысқартылыпты.

"Жұлдыз қиналып өлген. Оны әдейі өлтірді. Күйеу баламыз Жұлдызды құртып, көңілдесімен бақытты өмір сүргісі келді. Сотта күйеу баламызға "Лола" есімді азаматша хабарласып жүргенідігі анықталды.  Ұрып өлтіргенін медициналық сараптама дәлелдеп берді. Соған қарамастан, қайта қаралған сотта судья сотталушыға бір жыл ғана жаза берді", - дейді қайғыдан қан жұтқан марқұм келіншектің туысы Анартай Ниязметов.

Айта кетейік, сұмдық жағдай 2017 жылдың 24 қаңтар күні Қарабұлақ ауылында орын алған. Осы күні марқұм Жұлдыз Мауленқұловаға белгісіз азаматша хабарласып, оны күйеуінің көңілдесімен таныстырған.

Бұл қоңыраудан кейін Жұлдыз күйеуіне хабарласыпты. Отағасы көңілдесі бар екендігін жасырмай, әйелінен үйден жақсылықпен кетуін талап етеді. Кейін азаматшаның өлі денесі қорадан табылған.

Ал сотталушының жақындары бұл айыппен келіспейді. Туыстары марқұм келіншектің өзі дарға асылып қалғанын алға тартып отыр.

"Екеуі ұрыспаған. Жұлдыздың мінезі жақсы еді. Құдаларымыз бізге әдейі жала жауып, немерелерімізді тартып алмақ. Бірақ менің ана жүрегім сезеді, ұлым кінәлі емес", - дейді айыпталушының анасы.

Ал марқұм келіншектің артында екі баласы жетім қалған. Ата-анасының қарауынсыз қалған баланың үлкені екі жастан асқан, екіншісі бір жаста . Қазір бүлдіршіндер Жұлдыздың жақындарының қамқорлығына алынған.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар