Басты жаңалықтар
Оңбай алданды: Дуадан құтылу үшін 9 млн теңгесін берген қызылордалық әйел сан соғып қалды
- автор kyn.kz
- 28 тамыз, 2018
- 321
Қызылорда облысында дуадан құтылып, өзіне ақша тарту үшін алаяққа 8 миллион 853 мың теңгесін берген тұрғын алаяққа ұрынып қалғанын түсінді
Алаяқ жәбірленушіге экстрасенстік рәсімдер үшін қаншалықты көп ақша берсең, нәтижесі де соншалық керемет болатынын айтып түсіндірген.
"Ешқандай нәтиже болған жоқ, барып тұрған алаяқтық", — деді құзырлы орган өкілдері.
Әйелге дуа жасалғанын айтып сендірген алаяқ ешқандай да экстрасенс емес екені, ақшаны жай алып отырғаны анықталды.
"Жәбірленуші өзінің алданғанын түсінгенде, полицияға жүгінген. Ақыр соңында қылмыстық іс қозғалып, ол сотқа дейін жетіп, алаяқ бес жылға бас бостандығынан айырылды", — деп хабарлады Ішкі Істер Департаменті.