Басты жаңалықтар
11 баласымен далада қалды: Түркістан облысында үйі өртенген отбасы қайда барарын білмей дал (фото)
- автор kyn.kz
- 28 тамыз, 2018
- 291
Түркістан облысы Шардара ауданында алты бөлмелі үйі өртеніп кеткен отбасы қазірде 11 баласымен контейнерде күнелтіп жүр
11 баланың әкесі Андрейдің айтуынша, үйлері Байсейітов көшесінің бойында орналасқан екен.
Ал тілсіз жау баспаналарын 19 тамыз күні жаулап алған. Бұл уақытта Андрей де, әйелі де жұмыста болыпты.
Абырой болғанда, үйде Андрейдің 25 жастағы тұңғышы болған. Ол үйден құжаттар мен бауырларын шығарып үлгеріпті.
Құзырлы органдар Андрейге отбасымен уақытша жатақханада тұруды ұсынған.
Алайда олардың үй жануарлары болғандықтан, өз жерлерінде қалуды дұрыс деп тапқан.
Егер көпбалалы отбасыға қол ұшын созғыңыз келсе, төмендегі контакт номерлеріне хабарласа аласыздар: +7 775 886 60 44 АндрейХалық банкінің нөмері: 6233571039250705 Кирсанова Оксана Николаевна