Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тұншықтырып ұйықтатты: Теміртаулық тәрбиешінің әрекеті көптің ашуына тиді

Тұншықтырып ұйықтатты: Теміртаулық тәрбиешінің әрекеті көптің ашуына тиді
ашық дереккөз
Теміртаудағы балабақшалардың бірінде 50 жастағы тәрбиеші ұйқысы келмеген қызды тұншықтырып тыныштандырмақ болды

Оқыс оқиға Теміртаудағы балабақшалардың бірінде болған. Тәрбиешінің  баланы тыныштандыру үшін көрпемен тұншықтырған  болған әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған екен.

Бейнежазбаны әлеуметтік желіден аталмыш балабақшаға баласын беретін әйел байқапты.

"Мен оқиға орны мен әйелді бірден таныдым. Өйткені видеода өзімнің ұлым түсіп қалған. Кішкентай қызды ерсі әрекетпен жұбатпақ болған әйелді де тани кеттім", - дейді теміртаулық Венера.

Қазіргі таңда күдіктінің ұсталған және сот-медициналық сараптама тағайындалып, іспен тергеушілер айналысып жатыр.

Тергеу барысында анықталғандай, оқиға биыл мамыр айында болған екен. Алайда, видео авторы оны әлеуметтік желіге тек 27 тамызда жүктеген.

Видеороликті көре салысымен сәбидің ата-анасы полицияға арыз жазды.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар