Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Жолымды жапты": Нағима Есқалиева бұрын-соңды еш жерде айтпаған қызықтарымен бөлісті  

"Жолымды жапты": Нағима Есқалиева бұрын-соңды еш жерде айтпаған қызықтарымен бөлісті  
ашық дереккөз
Танымал әртіс Нағима Есқалиева шығармашылығының алғашқы кезеңін еске түсіріп, өзіне асқан танымалдылық әкелген "Әлия" әнін бірінші рет орындауы туралы ашық айтты.

Әншінің айтуынша, Сейдолла Бәйтерековтың "Әлиясын" алғаш болып ол орындапты. Тек кейін ғана Роза Рымбаева аталмыш әнмен үлкен сахнаға бет алғанда, бұл ән  оған үлкен танымалдылық әкелді.

Сондай-ақ әнші өзінің алғашқы сахнада  өнер көрсетуі туралы да айтты.

"Ол жағдай туралы енді көп жазылған ғой. Мен қорқамын, мүмкін мені тағы да сынап тастайды", - деп жауап қатты әртіс.

"Бір конкурс аясында болғаны есімде, Целиноградтағы патриоттық әндер байқауы болса керек. Мен танымал "Әлияны" орындап шықтым. Алайда, мен қысқа киімде болған соң, мені эфирден қиып тастады. Ал кейіннен, бір бағдарлама кезінде Роза Рымбаева да, дәл сол әнді қысқа киіммен айтып тұрғанын көрдім. Бұл өз алдына бір саясат болды деп есептеймін. Дәл мені эфирден алып тастағылары келді", - деп айтты Нағима Есқалиева. "Жолымды бөгеді, күн көрсетпеді. Мені кеңес үкіметі шеңберінде болған сансыз үкіметтік және мерейтойлықконцерттерге шақыруды қойды. Бар болғаны меніңқалалық әрі ірі денелі болғанымда. Мәскеу болмағанда мені ешкім қабылдамас еді. "С песней по жизни" сайысына сол үшін алғысым шексіз", - деп айтты отандық әртіс.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар