Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жанкүйердің құрбаны бола жаздады: Әлемге танымал жұлдызды жұп келеңсіз оқиғаға тап болды (видео)

Жанкүйердің құрбаны бола жаздады: Әлемге танымал жұлдызды жұп келеңсіз оқиғаға тап болды (видео)
ашық дереккөз
Гастрольдік сапарларымен жүрген Бейонсе мен оның күйеуі Джей Зи Атлантада өткен музыкалық шоулың соңында тыңдармандарының шабуылына тап болды

Әлемді мойындатқан жұлдызды жұп Бейонсе мен Джей Зи бірге жүргізген екінші гастрольдік туры аясында Атлантада өткен кезекті концерт соңында келеңсіз жағдайға тап болды.

Олар өнер көрсетіп болғаннан кейін, сахна артына кетіп бара жатқанда, белгісіз біреу олардың артынан жөнеле жүгірген. Күзетшілерден еш қиындықсыз өтіп кеткен ер адам әлемдік жұлдыздарға шабуылдаған.

Анықталғандай ер адам мас күйінде болған. Алайда, абырой болғанда, жұлдызды жұпқа ешқандай зиянын келтірмеген.

https://youtu.be/2inTe0Tmxr0
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар