Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында 3 адам кәріз құдығына түсіп қайтыс болды

Алматы облысында 3 адам кәріз құдығына түсіп қайтыс болды
ашық дереккөз
Қапшағай қаласында кәріз құдығында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан 3 азамат қаза тапты

Қайғылы оқиға күні кеше Алматы облысында орын алды. Кәріз құдығының тазарту жұмыстарын "Қапшағай Су құбыры" мекемесінің 3 қызметкері жүргізіпті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше,  үшеуі де метан газының бөлінуінен уланып, сол сәтінде тілге келмей жан тапсырыпты.

Құдықтағы қызметкерлердің мәйітін тек төтеншеліктердің көмегімен шығару мүмкін болған.

Естеріңізге салсақ,  бір ай бұрын ғана осы Алматы облысында 3 адамның ажалы кәріз құдығынан  келген еді. Шелек ауылының орталық ауруханасы аумағындағы кәріз суы жиналатын шұңқырға  екі сантехник пен бір медицина қызметкері түсіп, газға тұншығып қайтыс болған еді.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар