Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбелік депутат қаланың ортасына да дәрет сындырып кетеберетіндер мәселесін көтерді

Ақтөбелік депутат қаланың ортасына да дәрет сындырып кетеберетіндер мәселесін көтерді
ашық дереккөз
Ақтөбе полицейлерінің "бостығы" сонша мектеп маңындағы дүкендер ішікіштердің мекеніне айналыпты.
Депутат Нұрлан Махамбетовтың айтуынша, Ақтөбе қаласының №29 мектеп аумағының бір бұрышында дүкен орналасқан екен. Сол сауда орталығында балаларға қолдануға болмайтын өнімдер көп сатылады. Мәселен- ішімдік. "№ 29 мектептың жанында бір дүкен бар. Соған  ішімдік өнімдерін жақсы көретіндердің жиналатыны белгілі. Сол жерде балалар ойнап жүр. Айналасынан дүкеннің бірбұрышына қажеттілігін өтеп жүргендерді де көруге болады. Білім ошағының жанындағы көріністе жақсы емес. Сауда орын мектеп жанынан басқа жерге көшіру дұрыс депойлаймын", - деді депутат Нұрлан Махамбетов.

Қала әкімі Ілияс Испанов та жағдаймен жақсы таныс екенін жеткізді. Сондай-ақ  әкім, оның айтқан талаптарын дүкен басшылығы пысқырмай отырғанын мойындады.

"Авиагородок ауданындағы мектеп жанында орналасқан дүкенмен біз екі жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Қазірзаңның жеке бизнесті қалай қолдайтынын өздеріңіз де білесіздер. Дүкенге бірнеше рет айыппұлдар салынды.

Ешқандай нәтиже шыққан жоқ. Өзім де ол дүкенге бірнеше рет бардым, иесімен де сөйлестім. Кәсібі басқа бағытқа өзгертуін де сұрадым. Ол кісі өз тұтынушыларының бар екенін айтты", - дейді қала әкімі Ілияс Испанов.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар