Басты жаңалықтар
Теміртау тұрғындары баланы тұншықтырған тәрбиешінің әрекетінен кейін балалақшаны жабуды талап етті
- автор kyn.kz
- 29 тамыз, 2018
- 221
Тәрбиеші болса өз әрекетін еш қиындықсыз мойындап "ашуланып кеттім" деп түсіндірді
Теміртау тұрғындары әлеуметтік желіде тараған оқиғадан соң балалары үшін алаңдаулы. Балаларын беруден бас тартқан ата-аналар мекеменің жабылуын талап етіп, полицияға арыз жазды.
Кешелі бері Теміртаудағы тәрбиешінің әрекеті қоғамда қызу талқыланып жатыр. Оқиға мамыр айында түсірілгенімен, енді ғана таралған, деп хабарлады 31 арна. Кішкентай баланы тұншықтырған тәрбиеші тергеушілерге қызд осылайша ұйықтатпақшы болғанын айтқан.
«Видеоны көрген соң баламызды бұл балабақшадан алып кеткеніміз жақсы болды деп қуандым. Сөйтсек, видеодағы менің немерем екен. Оқиға мамыр айында болған екен», – дейді әжесі Людмила Мантлер.
Ата-аналар таңертеңнен балабақша алдыны жиналып, балаларын шығарып алмақ болды.
«Менің да балам осында келеді. Оны да тұншықтырып ұйықтатқан шығар деп түнімен жылап шықтым», – дейді өзге ата-ана.
50 жастағы Үміт Пірмаханова бұған дейін жұмыстан қуылған. Оқиға болған күні тәрбиешінің жоқтығынан жұмысқа қайта шақыртылған.
«Мен бұл видеоны өзгелер сияқты кеше ғана көрдім. Ол тәрбиешінің қазір қайда екенін білмеймін. Бірақ бұған дейін бұл қызметкерімізге ешкімнен шағым түспеген», – дейді «Домик» балабақшасының меңгерушісі Кристина Такирова.
Қылмыстық кодекстің 140-бабының 2-тармағымен тергеліп жатыр. Яғни, тәрбиешінің кінәсі дәлелденсе, 70 тәулікке қамалып, 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеп құтылады.
Оқиғаны камераға түсірген екінші тәрбиеші куәгер ретінде жауап беруде. Алайда ата-аналар балаға араша түспеді деп екінші тәрбиешінің де жазалануын талап етеді.