Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Дана Нұржігіт өзге ұлт өкліне тұрмысқа шығып, қандай қиындықтар көргенін ашық айтты

Дана Нұржігіт өзге ұлт өкліне тұрмысқа шығып, қандай қиындықтар көргенін ашық айтты
ашық дереккөз
Тележүргізуші:Шаршап тұрғанымды көре тұра еш аямайтын, сыйламайтын.
Тележүргізуші Дана Нұржігіт бірінші күйеуінен көрген қиындықтары мен арада болған түсініспеушіліктер туралы алғаш рет ашылып айтты. Оның сөзінше бірінші күйеуі қазақ халқы жұлдыз деп сыйлаған аяулы қызды отбасында еш түсінбеген. "Он жыл күтіп, Әлімімді дүниеге әкелгенім қандай жақсы болған! Сенің қадіріңді білмейтін,жұртыңды сыйламайтын, болдырып қалғаныңды көре тұра аямайтын,сені керек етпейтін адамнан басымды алып қашқаным қандай жақсы болған! "-деп жазды тележүргізуші. Бүгінде Мұрат есімді азаматпен шаңырақ көтеріп, журналистикадағы өз орнын тапқан тележүргізуші әйелдерге жалпы адам баласына тәуекелшіл болуға кеңес берді. Себебі әр адам бақытты болуға лайық дейді дана Нұржігіт. "Кедергілерге,ең бастысы- іштегі қоян жүрек үрейге қарамастан өмірді қайта бастағаным қандай жақсы болған! Сүйікті кәсібіме оралғаным, сезімге құшағымды ашқаным...бәрі,бәрі жақсы болған! Жасқанбау керек! Жалтақтамау керек! Ерінбеу керек! Берілмеу керек!  Алла "тәуекел!" дегеннің белін буады екен.Мен соны түсіндім!",- деп жазды Дана Нұржігіт.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар