Басты жаңалықтар
Біздің позициямыз өзгерген жоқ: Сағадиев хиджаб киетін оқушыларға қатысты мәселеге нүкте қойды
- автор kyn.kz
- 30 тамыз, 2018
- 244
Жаңа оқу жылы қарсаңында ведомство басшысы хиджаб киетін оқушыларға қатысты позициясын айтты
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жаңа оқу жылы қарсаңында ведомствоның хиджаб киетін оқушыларға қатысты позициясы жайлы айтты.
"Мектептерде хиджабқа тыйым салынған. Біздің позициямыз өзгерген жоқ. Балаларды бөлек оқытуға қатысты айтарым, бөлек және діни оқытуды шатастырмаңыздар. Оқыту түрі қандай болмасын, мектеп бағдарламасы бір. Мектептерде кез келген оқу мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары аясында, біз қабылдаған бағдарламалар бойныша жүргізіледі", — деді Сағадиев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ министр бұл мәселе барлығына қатысты екенін атап өтіп, қоғамның бұған түсіністікпен қарайтынына сенді.