Басты жаңалықтар
Ойын деп ойлағам: Тұрмысқа қалай шығып кеткенін түсінбей қалған бойжеткен жан айқайын жеткізді
- автор kyn.kz
- 30 тамыз, 2018
- 255
Гонконгтың жас тұрғыны байқаусызда некеге отырды. Оны әзіл ретінде алдап, қол қойғызып алған.
21 жастағы бойжеткен шынайы емес тойда қалыңдық рөлін ойнап жатырмын деп ойлапты. Бірақ кейіннен заңды түрде некеге отырғанын түсінді.
Ол құзырлы орган қызметкерлеріне шағымданғанымен, олар қажетті айғақтың жеткіліксіздігін айтып, көмектесе алмады. Бойжеткенге кәсіби кеңестің жергілікті федерациясынан көмек сұрауға тура келді.
Мамыр айында бойжеткен желіде визажист мамандығына тәжірибеден өту туралы хабарландыру оқып, соған хабарласады. Бір апта тренингтен соң компания оған әзіл тойға қатысуды ұсынады. Сол кезде оқуы аяқталатынын айтады.
Бойжтекен оған келісіп, той кезінде құжаттарға қол қояды. Компания некенің жалған болатынын ескерткен.
Бойжеткен қазір кіммен некелескенін де білмейді.
«Бойжткенді пайдаланған. Ол тойдың шынайы өтіп жатқанын білмеген», – дейді кәсіби кеңестегілер.
Гонконг полициясы жыл сайын осыған ұқсас 1000 істі тіркейді. Қытай азаматтары Гонконг азаматшаларына үйленіп, кейін Гонконг қаласына көшуге мүмкіндік алуға тырысады.