Жаңа түскен келіннің бетін ерекше ашқан жігіттер қауымы желі қолданушыларының сынына ұшырады
Желіде жаңа түскен келіннің бетін үш жігіт ашып жатқан видео тарап желінің қызу талқысына түскен еді.
Жазба астында "Осындай беташарға қалай қарайсыздар?" деп жазылған. Мұны оқыған желі қолданушылары салт-дәстүрді бұлай өзгертуге болмайтынын айтқан екен.
"Салт-дәстүрді бұрмаламаңдаршы", "Концерт қылып жібердіңдер ғой", "Келіннің беті ашық қой", "Ерекше екен",- деп жазды оқырмандар.