Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Көп ұйықтайсың: Маңызды жиынға кешіккен Ақтөбе әкімі сынға қалды

Көп ұйықтайсың: Маңызды жиынға кешіккен Ақтөбе әкімі сынға қалды
ашық дереккөз
Бүгін ақтөбелік шенеуніктер екі бірдей жаңа мектепті ашты. Ашылуы сағат 11:00-ге белгіленген жиынға Ақтөбе қаласының әкімі мен облыстық мәслихат хатшысы кешігіп, ұятқа қалды
"Тал түске дейін ұйықтап қайда жүрсіңдер? Көп ұйықтайсың",-деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі бүгін мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған пандусы мен жеделсатысы бар 300 орындық екі мектептің ашылуына қатысты.

"Елдің болашағы, дамуы балаларға байланысты екенін бәрі біледі. Балаларымыз, жастарымыз қазіргі заман талабына сай білім алуы керек. Сол тапсырманы орындау мақсатында жұмыс істейміз. Қазір 26 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның 15-і биыл пайдалануға берілсе, 9-ы Білім күніне дейін іске қосылады. Айта кететін бір жайт, әрбір ата-ана баланың алдындағы борышын ұмытпауы керек",- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар