Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақтың бір келіні Жұлдыздай-ақ болып алсын: Гүлзира Айдарбекова келінін "пара берді" дегендерге жауап берді

Қазақтың бір келіні Жұлдыздай-ақ болып алсын: Гүлзира Айдарбекова келінін "пара берді" дегендерге жауап берді
ашық дереккөз
Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова Ұлттық арнада бағдарлама жүргізушісі болып тұрғаннан кейін, оған көптеген теріс пікірлер жаудырған еді. Соған әбден ашуланған енесі Гүлзира Айдарбекова сынағандарға жауап қатты
Продюсер өзінің желідегі парақшасында, көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беріп, анық-қанығын біліп алмайынша сынағанды доғару керек деп кеңес берді. "Осы жарнама шыққалы, Жұлдыз журналистерге орын қалдырмады, оқымаған деп, біреулер бұрқыратып жазып бастады. Жұлдызға 10 жыл бойына, мал бақтырып, сиыр саудырып қойғаным жоқ. Тұрмысқа шыққанша колледжді бітірсе, тұрмысқа шыққаннан соң, балаларын дүниеге әкелді, ибалы келін, сүйікті жар болумен қатар, жоғарғы оқу орнын да тәмамдап алды.Қайрат шыңға шыққанша нені бастан өткізбедік, кір іздеу, мұқату, аяқтан шалу, жала жабу. Сіздердің білетіндеріңіз тек Праймдағы жағдай ғана, бірін білсеңіздер бірін білмейсіздер. Сынаққа сынып кетпей шыңдала түскен тәрбиемізді көріп өскен " Көп өмір сүргеннен емес, көпті көргеннен сұра" дегендей, Жұлдызым қайсарлығымен бәрін жеңіп шығатынына сенімдімін. " Арман" киносына түскен кезінде де қаншама сын айтылды бітпей жатып....Аллаға сансыз шүкір, ең мықты деген актрисалардан асып түспесе кем түскен жоқ, оған өздеріңіздің де көздеріңіз жетті. Ал біреулер, ақша беріп кірген ғой деп, жұртты кері пікірге итермелеу пиғылымен тағы жазыпты. Пара беріп, жетістікке жетпей-ақ қояйын. Осы уақытқа дейін 1 тиын пара бермей, таза, қара тер еңбегімізбен қасықтап жиған абыройымызды шелектеп шаша алмайды екенбіз. Жұлдызымның өте үлкен сынға түскелі тұрғанын, алда небір аяқтан шалу болатынын біліп те сезіп те отырмын. 10 жыл бойына сабырлықпен отырды екен деп, 100 жыл отыр демейтін шығармыз. Әр нәрсенің шегі бар. Оның да алға қойған мақсаты бар, өзіне деген сенімі тағы бар. Қазақтың бір келіні Жұлдыздай-ақ болып алсын. Қайта қыздарыңыз бен келіндеріңіз, жас аналар Жұлдыздың төзімділігінен, еңбекқорлығынан үлгі алсын. Қолдарыңыздан келсе сәттілік тілеңіздер. Жұлдызым, жұлдызың жана берсін! Біздің және ұл-қыздарыңның бағына, өмірің ұзақ, ғұмырлы болсын жаным! " Суға салса батпай, отқа салса жанбай" өзіңнің пәк төзімділігіңнің арқасында шыңға шығып, үмітімізді ақтайды деп үлкен сенім артамын. Сәттілік серігің болсын!"-деп жазды Гүлзира Айдарбекова өзінің желідегі парақшасында. https://www.instagram.com/p/BnE3D_wlUIC/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар