Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Үздік екенін дәлелдеді: Ольга Рыпакова төртінші рет Азия чемпионы атанды

Үздік екенін дәлелдеді: Ольга Рыпакова төртінші рет Азия чемпионы атанды
ашық дереккөз
Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Азиада-2018 ойындарында Қазақстан қоржынына 11-ші алтын медальді салды
Ольга күні кеше Жакартада өткен  Азиада ойындарында чемпион атанды. ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, спортшымыз екінші мәрте қарғып секіруінде 14 метрді бағындырыпты. Ал қалған қарсыластарының бірде-бірі мұндай көрсеткіш көрсете алған жоқ. Ал үшінші мәрте секіруінде Ольга  14,26 метр нәтиже көрсетті. Екінші орын 13,93 метрге секірген таиландық Чумайароенг пен дәл сондай нәтиже көрсеткен вьетнамдық спортшыға бұйырды.  Қазақстан атынан жарыс жолына шыққан тағы бір спортшымыз Ирина Эктова 13,58 метрді бағындырып, 6 орынға тұрақтады. Айта кетейік, Ольга Рыпакова осымен төртінші мәрте Азиа ойындарының чемпионы атанып отыр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар