Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Өгей әкесінен әбден қорлық көрген бойжеткен жан айқайын жеткізді

Өгей әкесінен әбден қорлық көрген бойжеткен жан айқайын жеткізді
ашық дереккөз
Бойжеткеннің айтуынша, анасының екінші күйеуі бала кезінен бастап оны ұрып-соғып, қараңғы бөлмеге қамап келген
Айсұлу есімді бойжеткен өгей әкесінен көрген қорлықтарын көзіне жас алып еске ала алмайды. Айтуынша, туған әкесі ішімдікке салынып кеткендіктен, анасы онымен ажырасып, басқа ер адамға тұрмысқа шығыпты.

"Өгей әкем мені қорлап, "сенен түк шықпайды, адам болмайсың" деген сөздер айтатын. Ұрып-соғатын. Кейде тіпті ұрып-ұрып қараңғы бөлмеге қамап қоятын анамның көзінше. Анамды есіктің сыртында ұрып жататын", - деп есіне алған бойжеткен көз жасын тоқтата алмады.

Айсұлудың айтуынша, анасы екінші күйеуінен бірнеше бала туған екен. Оған қоса,  олардың жеке баспанасы болмағандықтан, баратын жері де болмай біраз сандалып жүріпті.

"Қазір оқуға түсіп, қалаға оқуға келдім. Алайда анамды әлі де ұрып-соғады", - дейді Айсұлу.

Өгей әкесінің қорлығын көрген қыз қазіргі таңда өзі де ешқандай жігітке сенім арта алмайтынын жеткізді. Себебі ол еркек атаулыдан үркіп, қорқып тұратын дәрежеге жеткен.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар