Басты жаңалықтар
Ақтөбе облысының әкімі бойдақ жігіттерге ырымдап "жігіт қоржынын" сатып алды (видео)
- автор kyn.kz
- 31 тамыз, 2018
- 259
Күні кеше Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бірнеше білім ордасының ашылуына қатысып, әкімдіктің бойдақ жігіттеріне тосын сый жасады
Жаңа мектептердің ашылуына қатысқан Сапарбаев көрмеде тұрған қазақы қоржынды байқап, әкімшілікте үйленбей бойдақ жүрген жігіттерге "жігіт қоржынын" сатып алатынын айтты.
"20 мың теңге бар ма?",-деген Сапарбаевқа ауыл әкімі ішінде ақшасы жоқ әмиянын көрсетіп әбден састы.
Мектеп директоры облыс басшысына қоржынды сыйға тартатынын айтқанымен, Сапарбаев өз қалтасынан 10 мың теңге шығарып алған қоржынының ақысын төлеп кетті.
https://youtu.be/pmXnN49YMB8