Басты жаңалықтар
Музыка өшіп қалса да әнді жанды дауыста жалғастырған әнші тыңдармандарын тәнті етті (видео)
- автор kyn.kz
- 31 тамыз, 2018
- 243
Қазақстандық жас әнші, театр және кино актері Әсет Есжан туған жерінде өткен үлкен шарада ән салып тұрған сәтте кенеттен музыка өшіп қалған. Оған еш қысылмаған Әсет тоқтамастан әнін жалғастыра берді
Алматы облысы, Шонжы ауылында өткен дүбірлі тойда орын алған оқиға туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына салған екен.
https://www.instagram.com/p/Bm053ecg02w/?utm_source=ig_web_copy_link "Албанның ішінде Жарты деген атаның баласымын. Бүгін Алматы облысы Шонжы ауылының шетіне атамыздың кесенесі қойылып, сол үлкен шараның ашылу салтанаты болды.Жарты атамызға құран бағыштап, Жартының атқа мінер азаматтары кесененің лентасын қиды.
Жарты бабамыздың дүниеге келуін баяндайтын театрландырылған көрініспен басталған шара бабамыздың ұрпақтарының қатысуымен өткен үлкен концертке ұласты.
Қырыққа жуық қазақ үй тігіліп, 6-7 мыңнан астам адам жиналып, арты бас жүлдеге автокөлік тігілген тай, құнан, аламан бәйгесімен аяқталды", - деп жазды әнші.Сондай-ақ, әрі қарай өзі бөліскен видеоға қатысты түсінік берген.
"Кеше өздеріңізге сауалнама жолдап, жақсы бағасын алғаннан кейін осы шапанмен, қолыма қамшымды алып, дүр қамшымен xалықтың жігерін сабаласам деген едім, жағдай осылай болды.Концерттен кейін "Әдейі жасалған!", "Жанды дауыспен айтып тұрмын деп көрсетейін деген ғой", - деген сияқты әңгімені құлағы шалғандар көп екен.
Хайп деген нәрсемен айналыспаймын. Аппаратура жақсы болса әрқашан жанды дауыс қой", - дейді әнші.Аталмыш видеоға пікір білдірген желі қолданушылары Әсет Есжанның әрекетіне тәнті болып, ақжарма тілектерін арнады.
https://www.instagram.com/p/BnHILspAwbJ/?utm_source=ig_web_copy_link