Басты жаңалықтар
Емші бала Ербосын көп адамдардың арасынан науқас баланы тауып, дертін айтып берді
- автор kyn.kz
- 1 қыркүйек, 2018
- 796
Үкілі бала: Күніне мыңдаған адамды емдеп, өзім ауырып қалатын кездер көп болды
Жеті жасында дүйім жұртқа танылған Ербосын немесе халық атап кеткендей Үкілі бла бүгінде медицина мамандығын таңдап, болашағын толықтай науқастарды емдеуге арнауға бекінген.
"Еуразия" арнасындағы "Пендеміз ғой" бағдарламасына қонаққа келген емші бүгінде немен айналысып жүргенін, болашаққа деген жоспары жайлы айтты.
"Мен Ақтөбеге медицина мамандығы бойынша Колледжде білім алу үшін көшіп келдім. Аралқұмда бес мыңдаған адам ауылда жатып, маған кіретін күндерін күтетін. Ауылда бір апта жатып маған екі рет қана кіргендері болды.
Қаншама адамның көзі көріп, аяғы сүйемелдеусіз жүріп кеткенін халық көрді. Аралқұмда алты сағат адам қарасам, Ақтөбеде күніне екі сағатымды ғана емшілікке арнап жүрмін. одан көп уақыт алсам өзім қиналамын. Бос уақытымда ағылшынға, спортқа арнаймын. Маған емшілік жай келеқойған жоқ. Нағашы атам мен әкемнің әкесі емші болған. Зікір салған.
Келген адамды сынған жерлерін сөзсіз емдеймін. Он бес күн адам емдемесем қолымнан, арқамнан су ағады. Мен адамды көргенде қолым соның ауырып тұрған жеріне алып барады. Немесе өзімнің сол жерімде белгілер болады. Яғни сол адамды солай сеземін.",- деді емші бала Ербосын.
Емші студияда отырған қонақпен амандасып оның дертін бірден сезген.
"Мен мысалы ана әженің қасында отырған бала қасыма келгенде бірден белімнен төмен суық жел өтті. Қолын сүйіп өйым өзгерді. Басында оны ДЦП деп ойладым.
Сүйгеннен кейін ондай ауру емес екенін түсіндім. Ол ешқандай медициналық ем алмаған. Тек әулие аралап, халықтық емдерді жасаған. Соның барлығын сезіп отырмын.",-дейді Ербосын.
Сол кезде студия қонағы болып отырған кішкентай баланың әжесі еріксіз жылап жіберді.
"Бала расымен науқас. Қасиетті адамдар барына сенемін. Мына бала бәрін дұрыс айтып отыр ",-дейді кішкентай науқас баланың әжесі Ұлзере Қарынбаева.
"Адамның ауыратын жерін қасына барған кезде сеземін. менің тура сол жерімнен жел өтеді. Шымшыған сияқты сезіледі. Содан мен алдымдағы адамның сол жерін ұстаймын.
Адамдардың алдынан қамшымен өтемін. Сүре оқимын. Биоток, Құранның арқасында ем жүргіземін. Ислам дініне көзқарасым жақсы. Мұсылманмын."-дейді емші бала Ербосын.
Келесі мақала