Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада 18 қабатты тұрғын үйден жойқын өрт шықты

Астанада 18 қабатты тұрғын үйден жойқын өрт шықты
ашық дереккөз
Өрт тоқ сымдарының тұйықталу салдарынан шыққан
Астанадағы 18 қабатты тұрғын үйдің  электр желісінде қысқа тұйықталудың салдарынан өрт  болды, деп хабарлайды KYN.kz. «1 қыркүйек күні таңғы сағат 05:18-де Сарыарқа ауданына қарасты 18 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатынан алтыншы қабатына дейін орнатылған электр қалқандардағы 15 метр электр кабельдері өртенген. Тұрғындар пәтерлерінен өз бетімен шыққан. Газдан 2018 жылы туған 3 сәби уланып, ауруханаға жеткізілді. Балалардың жағдайы орташа бірқалыпты», - деді баспасөз қызметінің өкілі. Өрт сағат 06:15-те сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Оқиға салдарынан тұрғын үй электр қуатынан ажыратылды. Жақын арада қайта қалпына келтіру жұмыстары басталады. Өртті жою, адамдарды эвакуациялау және тағы да басқа жедел шараларға 18 өрт сөндіруші мен 6 арнайы техника қатысты.    
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар