Басты жаңалықтар
Қазақстан Азиада медалистеріне қанша сыйақы беретіні анықталды
- автор kyn.kz
- 2 қыркүйек, 2018
- 492
Күміс жүлдегерлерге берілетін ақшалай сыйлық Алтынға қарағанда екі есеге аз
Индонезияда өткен Азиада-2018 ойындарында отандық спортшылар 76 медаль иеленді.
Алтын медаль иелеріне Мәдениет және спорт министрлігі 10 мың доллардан береді, деп хабарлайды Sports.kz .
Ал "күміс" жүлде иегерлері бес мың доллардан алады. Сондай-ақ, қола медаль алғандарға 3 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілмек.
Қазақстандық спортшылар Азиада ойындарында барлығы 15 алтын, 17 күміс және 44 қола медаль алды. Осылайша Қазақстан медаль саны бойынша тоғызыншы орында.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
“Бос сөздің керегі жоқ“: Президент патриотизм туралы айтты
- авторkyn.kz
- 22 наурыз, 2026




