Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Колумбия тұрғыны скелетке ұқсау үшін құлағы мен мұрнын кесіп тастады

Колумбия тұрғыны скелетке ұқсау үшін құлағы мен мұрнын кесіп тастады
ашық дереккөз
Ол нағыз мүрдеге ұқсау мақсатында тілін екіге бөліп, оны өлген адамның терісіне ұқсас түске бояп тастаған
Өзін Бас сүйегі (Череп) атап кеткен Колумбия тұрғыны скелетке ұқсау үшін мұрны мен құлағын кесіп тастады. Бұл туралы KYN.KZ  сайты  Daily Mail-ге сілтеме жасай отырып жазды Ер адам бала күнінен скелетке қатты ұқсағысы келген. Бірақ оған анасы рұқсат бермепті. Туған анасы қайтыс болған күннен бастап, ол өз арманын орындауға кіріскен. 22 жастағы  Калака Бас сүйек бірінші пластикалық отасын екі жыл бұрын жасатқан. Қазір оның мұрны  мен құлағының ұшы жоқ. Оған қоса тілін екіге бөліп жансыз адамның сұр түсіне бояп алған. Ол көзінің айналасына да татуаж жасатып, аузының екі жағын скелеттің бейнесіне келтіру мақсатында бояй түскен. Калака  басына татуаж суреттерін салу ыңғайлы болсын деп шашын құйқасымен өспейтіндей етіп алып тастаған. Скелет адам Колумбияда өз еркімен мұрны мен құлағын кесіп тастаған бірінші адам. Осы қылығының арқасында бүкіл ел ол туралы білген әрі  талқыға салған. Озін сынағандарды ер адам елемейді екен. Қайта көшеде елдермен суретке түсіп, бетіне жасаған өзгерісіне еш өкінбейтінін жиі айтады. Ол бүкіл адамның түбінде склетке айналатынын ескертіп, өз әрекетінде ешқандай да ерсілік жоқ деп біледі. Одан қалса  бұл таңдауын, еріні мен сүт безін үлкейтетін әйелдердің әрекетіне ұқсас  жағдай деп түсіндіреді.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар